Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда Дінмұхамед Қонаевтың жеке сайты ашылды

Қазақстанда Дінмұхамед Қонаевтың жеке сайты ашылды

Қазақстанда мемлекет қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың өмірі жайында сайт ашылды. Портал мен оның дизайнын біртуар азаматтың жанұясы жасады. Биыл Қонаевтың дүниеден озғанына 26 жыл. Сайттың презентациясы осы күнге арнайы жоспарланған, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Дінмұхамед Қонаевтың өмірбаяны, құжаттары, баяндамалары жазылып, мұрағатты суреттері салынған. Сонымен қатар, "Посетить" (Барып қайту — ред.) айдарына кіріп,  саясаткердің атымен аталған көшелер, мұражайлар жайында ақпарат алуға болады. 
"Бүгінгі күні өз елінің тарихын зерттеп, заманауи Қазақстанның қалай қаланғанын білгісі келетін қоғам, жас буын Дінмұхамед Қонаевтың тұлғасына қызығушылық танытып жатыр. Сандық технологиялардың, әлеуметтік желілер мен мессенджерлердің дәуірінде заманнан қалмау қажет. Сондықтан біз көпшілік назарына қазақ елінің біртуар ұлы жайында цифрланған ақпараттың кластерін ұсынамыз", — деді Қонаев атындағы халықаралық қордың президенті Эльдар Қонаев. 
Оның айтуы бойынша, сайттағы материал соңғы жылдар бойы отбасылық және мемлекеттік мұрағатта сақталған. Әзірге сайт орыс тілінде ғана жұмыс істейді. Жақында қазақ және ағылшын тілінде іске қосылады. 
Дінмұхамед Қонаевтың туысқандары мемлекеттік қайраткер жайында қызықты ақпаратты білетін адамдарды игі істі бірігіп жасауға шақырады. Саясаткер жайында қызықты мәліметті білсеңіз, сайтта көрсетілген электронды поштаға жолдаңыз.
 
22 тамыз 2019 ж. 1 443 0