ӘЛЕМ МОЙЫНДАҒАН ӘБДІЖӘМІЛ

Романның басты кейіпкері Еламанның болмысы арқылы барша қазақ жігіттеріне тән болмысты, ерлікті, шыдамдылық пен төзімділікті, адалдықты айна қатесіз суреттеген жазушының шеберлігіне сүйсінбеске болмайды. Сол уақыттағы заманның жайы, халықтың халі, ел басындағы ауыртпашылық пен қыспақ, балықшылар өмірі оқыған жанның көз алдына қайталанбас көрініс алып келеді.
Ал теңіздің мінезі мен толқынның асаулығы өз алдына.
Осындай әлемнің таңдауына ілігіп, отыз тілге аударылған романның авторы Әбдіжәміл Нұрпейісов ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қаулысымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын иеленді. Әдебиет әлеміне өзіндік қолтаңбасын қалдырып, қайталанбас туындылар жазған сүйікті жазушыма көрсетілген құрмет көңілге қуаныш ұялатты.
Ержан Сабырбай
белсенді жас