Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал перзенті құрмет төрінде

Арал перзенті құрмет төрінде

Арал топырағында туған заңғар жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісов 95 жасқа толды. Жазушының мерейтойы ел аумағында кең көлемде аталып, құрмет көрсетілді.  Ең бастысы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қаулысымен «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді.
Әбдіжәміл Нұрпейісов қазақ әдебиетіндегі шоқтығы биік жазушылардың бірі. Өзі аз жасса да, саз жазған. Ол балықшылар ортасында өмірге келді. Ес білгелі олардың тауқыметті өмірімен таныс болды. Сол кезде-ақ «Қан мен тер» деген романның атауы өмірге келді. Бұл роман әлемнің бірнеше тіліне аударылып, шар тарапқа тарап кетті. Оның шығармалары ерекше көркемдікпен берілген. Тілі ауыр. Бірден ұғынып кету оңай емес. Бірнеше мәрте қайталап оқуды талап етеді. Оқыған сайын шығарма түрлене түседі. Сан қыры ашылып, жаңа сипатқа ие болады. Мұндай көркемдік тек Нұрпейісов туындыларына ғана тән.
«Қазақстанның Еңбек Ері» атанған жазушының рухани мұрамызды байытуға қосқан еңбегі өлшеусіз. Оның өміршең шығармалары сан ғасыр өтсе де құндылығын жоймай, ұрпаққа рухани азық болары сөзсіз.
Назерке Бақырадин
Тіліші
28 қазан 2019 ж. 706 0