Көпбалалы аналар жарты миллион теңге алу үшін не істеу керек?
Көпбалалы аналар бизнес бастау үшін жарты миллион теңге ала алады. Жоба "Еңбек" мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатыр.
Жұмыспен қамту орталықтары жәрдемақы төлеумен қатар, қыз-келіншектерді жұмысқа орналастыруға немесе арнайы курстарда жаңа кәсіпті игеруге көмектеседі. Олар оқу барысында бизнес жүргізу негіздерін үйренеді, деп хабарлады alashainasy.kz
Халида Махмутова – бес баланы тәрбиелеп отырған ана. Ол Алматы қаласы Наурызбай ауданы әкімдігінің қолдауымен "көпбалалы аналар" қорын ашты. Қазір оқу курсынан өтіп, табыс табудың тиімді жолдарын алу мәселелері бойынша әйелдерге кеңес береді. Халиданың өзі де мемлекеттің қолдауының арқасында отбасын асырап отырған жандардың бірі.
Көпбалалы ана жақын арада қайтарымсыз грантқа ие болуы мүмкін. Оқуды аяқтаған соң, мемлекет тарапынан жарты миллион теңге көлемінде ақша бөлінбек. Болашақта ол массажист мамандығын игеріп, жеке медициналық кабинет ашуды армандайды.
"Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палаты "Бизнес бастау" жобасы бойынша массажист мамандығын оқып шықтым. Бизнес-тренерлер бізді кәсіпкерлік негіздерін оқытып, маркетингті қалай жасау керектігін үйретті. Сондай-ақ стипендия да алдым. Оқуды аяқтайтын кезде бизнес жоспарымызды қорғадық", - дейді Халида Махмутова.
Алматылық Анар Қылышева үш баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ана. Жалғызбасты ана осы уақыт дейін жұмыссыз болыпты. Бірақ ол Жұмыспен қамту орталығының қызметкерлеріне жүгінгеннен соң жағдай өзгерген. Мамандар Анарды "бақылаушы-кассир" мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсқа жіберді. 16 759 теңге көлемінде шәкіртақы алады. Бұдан бөлек мемлекет тарапынан балаларына атаулы әлеуметтік көмек төленеді.
"Интерпринт" деген курс оқып жатырмын. Ол жерден "Контролер-кассир" мамандығын алып шығамын. Олар өздері оқытып, жұмысқа орналастыратынын айтты", - дейді Анар Қылышева.
"Еңбек" бағдарламасы аясында алматылықтар жұмысқа орналасып, кәсіби курстарда оқиды және оларға бизнесті дамыту үшін қайтарымсыз гранттар беріледі.
Айта кетерлік жайт, 2020 жылдан бастап көпбалалы аналарға табыс деңгейіне қарамастан бала басына 10 мың теңге көлемінде жәрдемақы төленбек. Сонымен қатар, жұмыспен қамту орталығына хабарласып, әлеуметтік көмек алып қана қоймай, көп балалы және аз қамтылған азаматтар өздері табыс табуға мүмкіндік алып, материалдық жағдайдын жақсарта алады.