Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордадағы зияткерлік мектебінің оқушылары Венгрияда жеңіске жетті

Қызылордадағы зияткерлік мектебінің оқушылары Венгрияда жеңіске жетті

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің жас робототехниктер командасы Венгрияның Дьорынан табысты оралды. Белгілі жаттықтырушы Николай Авдюниннің жетекшілігіндегі олар WRO чемпионатының (World Robot Olympiad – Робототехникадан Бүкіләлемдік олимпиада) үздік үштігіне еніп, елге қола медаль алып келді деп хабарлайды kyzylorda-news.kz.
NIS құрама командасы «Ақылды білім» секциясында математика мен бейнелеу өнері пәнінен сабақ беретін, әліпбиді үйренуге көмектесетін, көру және есту қабілеті нашар балалармен жұмыс істейтін бастауыш сынып мұғалімі «Ziggurat» роботын таныстырды.
«Жобаның идеясы Талдықорған Зияткерлік мектебінен Даниил Филимоновке тиесілі, онымен бірге Алматыдағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектеп оқушысы Любовь Дудченко және Талдықорғандағы NEXTROBOT орталығынан Элина Пак жұмыс істеді. Ал оларға робототехникадан Алматы облысы құрама командасының жаттықтырушысы Николай Авдюнин жетекшілік етті. Финалда біздің балалар әлемнің 73 елінен 400-ден астам командамен кездесті», – дейді бүгінгі күннің қаһарманда
рын атаған «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ақпараттық технологиялар орталығы директорының орынбасары Азамат Биданов.
Николай Авдюнин – еліміздегі робототехника саласындағы ең танымал жаттықтырушылардың бірі, Талдықорғандағы НЗМ-де ашылған сәттен бастап жұмыс істейді. Венгриядағы жетістік – бұл Николайдың оқушыларының WRO –дағы үшінші жеңісі. Бұған дейін Сочиден қола және Нью-Делиден алтын медаль алып келген болатын.
«Қазір әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, терең және жылдам өзгерістер кезеңіне қадам басты: технологиялық, экономикалық және әлеуметтік. Жыл сайын біз оқушыларымыздың әлеуетін дамыту үшін жобалар жасаймыз, осылайша ақпараттық өндірісті жетілдіруге тырысамыз, ақпараттық өндіріс негізінде ел экономикасы жаңа деңгейге көтеріле алады», – деп атап өтті Николай Авдюнин.
Венгрияның Дьор қаласында өткен WRO – 2019 «Ақылды қалалар» тақырыбына арналды. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы – 2014 жылдан бастап Бүкіләлемдік робототехника олимпиадасының ұлттық үйлестірушісі.
NIS-тің тағы үш – Көкшетау, Орал, елордадағы физика-математикалық бағыттағы Зияткерлік мектептер командасы Бүкіләлемдік олимпиаданың үздік ондығына кірді.
13 қараша 2019 ж. 862 0