Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

«ХАЛЫҚТЫҚ ЗАҢГЕР» АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ АКЦИЯСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Кеше аудан орталығындағы З.Шүкіров атындағы қалалық мәдениет үйінде ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің бастамасымен азаматтардың құқықтық сауаттылығын көтеру мен қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу мақсатында облыс көлемінде «Халықтық заңгер» азаматтарды қабылдау акциясы өткізілді.Аталған акция аясында, әлеуметтік, денсаулық,білім, жер, тұрғын үй қатынастары, кәсіпкерлік сала басшылары мен жергілікті блогерлердің қатысуымен жиырмаға жуық аудан тұрғындарының өтініштері тыңдалды.
Әр мәселе бойынша жауапты сала басшылары заңға сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, аудан тұрғындарының сауалдарына орай тиісті жауаптар берілді.
22 қараша 2019 ж. 837 0