«ЗАҢ КЕРУЕНІ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА АРНАЙЫ ТОП АУДАНДА БОЛДЫ

«Заң керуені» акциясы аясында Арал қаласы, Жақсықылыш және Сексеуіл кенттері мен ауылдық округтер түгелдей араланып, ауылдардағы халықпен кездесу, жеке қабылдау, əлеуметтік нысандардың жағдайын білу, тұрғындармен əңгімелесу, елді мекеннің жалпы жағдайын зерделеу жұмыстары жүргізілді.
Арнайы топпен жалпы әр ауыл бойынша қалыптасқан проблемалық мəселелердің тізімі жасақталып, тиісті жұмыстар жүргізу үшін бақылауға алынды.
Сонымен қатар, аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат хатшысы, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, құқық қорғау органдары мен дербес бөлім басшылары, қала, кент және ауыл әкімдері, аудан ардагерлері, қала тұрғындары мен көше комиттері, БАҚ өкілдерінің қатысуымен ведомствааралық мәжіліс өткізілді.
Мәжілісті аудан әкімінің орынбасары Рүстем Өтешов жүргізді. Жиын барысында Қызылорда облысы прокурорының орынбасары Әлібаев Талғат күн тәртібіндегі мәселе бойынша хабарлама жасады.
Мәжілісте елді мекендерді аралау барысында тұрғындар тарапынан айтылған мәселелер кеңінен талқыланып, алдағы атқарар жұмыстар нақтыланды.