Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын берілмек

Мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын берілмек

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов "Педагог мәртебесі туралы" заң жобасында мұғалімдерді материалды емес ынталандыру тетіктері қаралғанын айтты деп хабарлайды baq.kz.

Материалды емес ынталандыру тетіктері бойынша мұғалімдердің балаларына балабақшадан бірінші кезекте орын беру нормасы қарастырылды. "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" секілді бірқатар материалды емес стимулдар да қарастырылып отыр. Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру, ауылдық жерде жұмыс істейтін мұғалімдерге үстеме жалақы, денсаулық сақтау, "Үздік педагог", "ЖОО үздік оқытушысы" сияқты барлық әлеуметтік кепілдіктер де осы заңда да сақталды, - деді Білім және ғылым министрі Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында.
Естеріңізге сала кетейік, лицензиясы уақытша тоқтатылған 5 ЖОО-ның тізімі шыққан болатын. Сондай-ақ, министр қазақстандық мұғалімдердің жүктемесі көп екендігін айтқан болатын.

 

28 қараша 2019 ж. 533 0