Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда шетелдік азаматтар 10 мың теңгеге тұруға рұқсат алмақ

Қазақстанда шетелдік азаматтар 10 мың теңгеге тұруға рұқсат алмақ

Шетелдіктер 10 мың 100 теңге мемлекеттік баж төлей отырып тұруға рұқсат алатын заң жобасын мәжілісмендер мақұлдады деп хабарлайды kaz.nur.kz
Еңбек министрі Біржан Нұрымбетов шетелдік азаматтарға тұруға рұқсат беру үшін 4 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж салығын енгізу ұсынылғанын хабарлады.
Сонымен қатар, біліктілігі жоғары шетелдіктер үшін өзін-өзі жұмыспен қамту мүмкіндіктері кеңеюде. Негізгі шарт - біліктілігінің жоғары екендігін растайтын анықтаманың болуы.
Бұл жаңашылдық еңбек мигранттарына да қатысты болмақ. Осы саладағы заң бұзушылықтардың санын азайту үшін Еңбек министрлігі оларды "маусымдық жұмысшылармен теңестіруді ұсынады. Оларды айына 8 АЕК немесе 20 200 теңге (1 АЕК = 2525 теңге ред.) салық төлеу арқылы белгілі бір мамандықтар тізіміне сәйкес жұмысқа тартуға болады.
Кейінірек Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов бүгінгі күнге дейін елімізде еңбек ресурстарының теңгерімін есепке алудың тиімді әдістемесі жасалмағанына назар аударды. Нәтижесінде ресми статистика мен Қазақстанға келгендердің нақты саны арасында айтарлықтай айырмашылық байқалады.
Сонымен, оның мәліметтеріне сәйкес, 2018 жылы Қазақстанға Өзбекстан мен Тәжікстаннан 551 мың еңбек мигранттары келген. 2019 жылы бұл көрсеткіш 600 мың адамды құраған.
Депутаттың айтуынша, шетел азаматтарының шекарадан қанша ақша өткізгені туралы ақпарат жоқ. Мәжілісменнің есебі бойынша, миллиардтаған сомалар шекара асып жатыр.
11 желтоқсан 2019 ж. 881 0