Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » София Ротаруға Қазақстанда өнер көрсетуі үшін 43 миллион теңге ұсынылған

София Ротаруға Қазақстанда өнер көрсетуі үшін 43 миллион теңге ұсынылған

София Ротару таяуда ірі гастролдік турға немесе жекелей бір шараларға шығуды жоспарламаған. Бұл туралы оның концерт директоры Сергей Лавров айтты, - деп хабарлайды gazeta.ru. Лавровтың айтуынша, Ротарудың өнер көрсетуі үшін көндіру керек, себебі оның жанкүйерлері осыны талап етеді. "Оның жасындағы әріптестерінің қайсысы осындай толыққанды гастрольдік өмір сүреді? Сол себепті София Михайловна әлем бойынша да гастрольге шыққысы келмейді, Ресейде мүлде айтпағанда", - деді Лавров. Әнші 2021 жылы Германияда 14 концерт береді екен, сол себепті ол көптеген турлардан бас тартқан.
   Сондай-ақ, Ротару Қазақстанда жаңажылдық кешті өткізуден бас тартқан, оған 100 мың еуро (шамамен 43 миллион теңге) ұсынылған. Әртіс тез ұшып баруға ыңғайлы жерлерге барады екен. 
15 желтоқсан 2019 ж. 325 0