Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі

2020 жыл: Атаулы әлеуметтік көмектің жаңа тәсілі

Мемлекет басшысының атаулы әлеуметтік көмектің ашықтығын қамтамасыз ету, сондай-ақ еңбекке ынталандыруды арттыру үшін олар­дың қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру және аз қамтылған көп балалы отбасыларының бала­ларына кепілдендіру әлеуметтік пакет енгізу туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсетудің жаңа тәсілдері енгізіледі.

Жаңа атаулы әлеуметтік көмек отба­сылық кіріске қарамастан барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелет жасына толмаған, орта арнаулы немесе жоғары оқу орындарында білім алып жатқан жасы 23-ке толмаған балалары бар аналарға беріледі.
Мемлекет бірінші кезекте балаларға және көп балалы отбасыларға көмектеседі, еңбекке қа­білетті азаматтарға жұмысқа орналасуға немесе кіші бизнеспен айна­лысуна жағдай жасайды. Осы бағыт­тағы кешенді шаралар 3 бағытты құрайды.
Бірінші. Атаулы әлеуметтік көмек  алатын  бала­лардың  60 %-ға жуығы көп балалы отбасылардан.
Бұл мемлекеттік жәрдемақыны төлеу отба­сы­ның табысына тәуелді болмайды және барлық көп балалы, яғни 4 және одан да көп кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар отбасыларға төленеді.
Бұл төлемнің мөлшері отбасындағы бала санына байланысты дифференциалды болады:
4 баласы бар отбасыларға – 42500 теңге (облыс бойынша - 16009 отбасы),
5 баласы бар отбасыларға – 53125 теңге (облыс бойынша – 15870 отбасы),
6 баласы бар отбасыларға – 63750 теңге (облыс бойынша – 9904 отбасы),
7 баласы бар отбасыларға – 73375 теңге (облыс бойынша – 4662 отбасы) төленетін болады.
Бұл – көп балалы отбасыларға қосымша қолдау.
Екінші. Атаулы әлеуметтік көмек аз қамта­масыз етілген отбасыларға төленеді.
Критерийі өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 %-ы деңгейінде қалады.
Атаулы әлеуметтік көмек мөлшері жан басына шаққандағы орташа  табыс пен ең төменгі күн­кө­ріс деңгейінің 70 % арасындағы айырма ретінде төленеді.
Басты шарттардың бірі – отбасының еңбекке қабілетті мүшелері жұмыс істеуі керек және отба­сы үшін жауапкершілікті сезінуі тиіс. Ол үшін бірін­ші кезекте  аз қамтылған отбасындағы жұмыссыз азаматтар тұрақты жұмыспен немесе «Еңбек» жұмыспен қамту бағдарламасына тартылады.
Яғни оларға бос жұмыс орындарына, мем­лекетпен субсидия­ла­на­тын жұмыс орындарына, қоғамдық жұмысқа орналасуды, жас­тар тәжі­ри­бесінен, қайта даярлаудан өтуге мүмкіндік бо­ла­ды. Өз бизнесін ашу үшін кәсіптік негіздеріне оқытылып, жеңіл­дікпен микрокредит және қай­тарымсыз гранттар алу ұсынылады.
Отбасының еңбекке қабілетті мүшесі ұсы­нылған жұмыс­тан және жұмыспен қамту шара­ларынан бас тартатын бол­са, онда АӘК тек оған емес, бүкіл отбасыға тоқтатылатын болады.
Үшінші. Аз қамтамасыз етілген отбасылар үшін қосымша әлеуметтік кепілдендірілген пакет ендіріледі.
Бұл пакет арқылы:
– Мектеп жасына дейінгі балаларға тамақ, гигеналық құралдар және т.б.;
–Мектеп жасындағы балалар үшін мектепте ыстық тамақ, мектеп құрал-жабдықтары мен киім-ке­шектері, жол ақысын өтеу қамтамасыз етіле­тін болады.
19 желтоқсан 2019 ж. 1 233 0