Тоқаев ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыруды тапсырды

Жалпы министрлік жұмысына оң баға берген Қасым-Жомарт Тоқаев Бақыт Сұлтановқа ішкі нарықты отандық тауарлармен толтыру, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру, бағаның негізсіз өсуі мен делдалдық әрекеттерді болдырмау және қазақстандық тауар өндірушілердің өнімі тұтынушыларға қолжетімді болу үшін нақты тапсырмалар берді. Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграциялық үдерістерде Одақтағы серіктестермен сындарлы іс-қимылдар жүргізу арқылы мемлекеттің ұстанымын нығайту – министрліктің алдында тұрған маңызды міндет.