Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «КӨКАРАЛ» БАЛЫҚ КОНСЕРВІЛЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

«КӨКАРАЛ» БАЛЫҚ КОНСЕРВІЛЕУ ЦЕХЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Ақбасты елді мекеніндегі сапары барысында жаңадан іске қосылған «Көкарал» балық консервілеу цехының жұмысымен танысты.Халыққа сапалы балық консервілерін ұсынуды мақсат етіп, шалғай ауылдан осындай тың бастама көтерген кәсіп иесіне аудан басшысы ризашылығын білдіріп, табыс тіледі.

Ауыл азаматы Құлжанов Ернар өз бастамасын жүзеге асыру бағытында 600 мың теңге қайтарымсыз несиеге қол жеткізген болатын. Бүгінде толықтай іске қосылған цехтан күніне 40 дана консерві шығарылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар, қосымша екі адам жұмыспен қамтылатын болады.

Атап өту қажет, бүгінде аудан бойынша балық өнімдерінің 13 түрі шығарылып, жылдық қуаты 20 мың тоннаға жуық 8 балық өңдеу зауыты тұрақты жұмыс істеп тұр.
Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
16 қаңтар 2020 ж. 979 0