Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекеттен қандай көмек беріледі?

Биыл аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекеттен қандай көмек беріледі?

ҚР Президенті Әкімшілігі қоғамдық қабылдауының Telegram-дағы парақшасында 2020 жылы аз қамтылған отбасылардың балаларына мемлекет тарапынан қандай көмек бөлінетіндігін түсіндірді деп хабарлайды syr-media.kz.
Қоғамдық қабылдаудың атап өтуінше, жеңілдігі бар жол жүру билеті, мектепте тегін тамақ пен азық-түлік пакетінен бөлек 6-дан 18 жасқа дейінгі балаларға мектеп киімі мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар мемлекеттік әлеуметтік көмек ретінде беріледі.

Ұлдарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
- пиджак;
- жилет;
- шалбар;
- мерекелік көйлек;
- күнделікті киюге арналған көйлек;
- трикотаж жилет.

Қыздарға арналған мектеп киімі жиынтығына мыналар кіреді:
- пиджак;
- жилет;
- белдемше;
- классикалық жейде;
- трикотаж жилет;
- сарафан.

Бастауыш сынып оқушыларға арналған жазу және мектеп жабдықтары мыналардан жиынтықталады:
- рюкзак;
- күнделік;
- жай дәптер (20 дана);
- қаламсауыт;
- сурет салуға арналған альбом;
- қаламсап (5 дана);
- жай қарындаш (10 дана);
- қап (15 дана);
- пластилин;
- акварель бояуы;
- сызғыш;
- өшіргіш.

Орта буын оқушыларына мыналар беріледі:
- рюкзак;
- күнделік;
- жай дәптер (20 дана);
- қалың дәптер (10 дана);
- қаламсауыт;
- сурет салуға арналған альбом;
- қаламсап (5 дана);
- жай қарындаш (10 дана);
- қап (15 дана);
- пластилин;
- акварель бояуы;
- сызғыш;
- өшіргіш.

Жоғары сынып оқушыларына:
- рюкзак;
- күнделік;
- жай дәптер (20 дана);
- қалың дәптер (10 дана);
- циркуль;
- қаламсауыт;
- сурет салуға арналған альбом;
- қаламсап (5 дана);
- жай қарындаш (10 дана);
- қап (15 дана);
- пластилин;
- акварель бояуы;
- сызғыш;
- өшіргіш.
20 қаңтар 2020 ж. 802 0