Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елбасы бірқатар лауазымды тұлғаны қабылдады

Елбасы бірқатар лауазымды тұлғаны қабылдады

baq.kz Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесіп, Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.

Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі хабарлады. Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш президенті Михаил Мишустинді жауапты және маңызды лауазымға тағайындалуымен құттықтады.
Сіз бұл қызметке өте қиын кезеңде келіп отырсыз. Қазір жағдай оңай емес. Жаңа лауазымда сіздің мол тәжірибеңіз пайдалы болады деп сенемін. Кеше Алматыда цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту мәселелерін талқыладыңыздар, - деді Елбасы.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері Ресей Федерациясымен тату көршілік қарым-қатынас орнатқанын атап өтті.
Мен жұмыс істеген жылдардың бәрінде Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға тырыстым. Бүгінгі таңда біздің байланыстарымыз үлгі етуге тұрарлық деп есептеймін. Алдағы уақытта да осылай болғанын қалаймын, - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.Өз кезегінде Михаил Мишустин Елбасыға кездесу үшін алғыс білдіріп, Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің жылы лебіздерін жеткізді.
Мен алғашқы шетелдік сапарымды Қазақстаннан бастадым. Біздің қарым-қатынасымыз өте жақсы. Осы мүмкіндікті пайдаланып, мен Ресей Федерациясы президентінің ең ізгі тілектерін жеткізгім келеді, - деді Ресей Федерациясының премьер-министрі.Кездесу барысында тараптар Еуразия экономикалық одағы аясындағы ынтымақтастықты дамытудың қазіргі жағдайы мен перспективаларын талқылады. Сондай-ақ, инфрақұрылымды дамыту жобаларын іске асыру және құрлық елдері арасындағы сауда қатынастарын одан әрі нығайту мәселелеріне тоқталды.
Сонымен қатар, елбасы Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевты қабылдады.
Әңгіме барысында Елбасы Қарулы Күштердің мемлекеттің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі маңызды рөліне тоқталды.
Нұрсұлтан Назарбаев армияның жауынгерлік дайындығын сақтау, еліміздің Қарулы Күштерін жаңғырту мен технологиялық жетілдіруді қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
Сіздің жұмысыңыз үлкен жауапкершілікті талап етеді. Халық Қарулы Күштердің мүмкіндіктеріне сенімді болуы керек. Біздің мемлекетіміздің тұрақтылығы осыған байланысты, - деді Қазақстанның Тұңғыш президенті.01-02-2020-ermekbaev.jpgБұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның Ресей Федерациясындағы елшісі Ермек Көшербаевты қабылдады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту және Қазақстан мен Ресей арасындағы дипломатиялық қатынастарды нығайтудың маңыздылығына тоқталды.
Елбасы Қазақстанның интеграциялық бірлестіктер мен халықаралық ұйымдар аясындағы қызметіне қатысты мәселелерді сапалы зерттеу және қарастыру қажеттігін атап өтті.
02 ақпан 2020 ж. 703 0