Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА БАЛ БИЛЕРІНЕН «QYZYLORDA OPEN-2018» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТЕДІ

«Евразия» спорт кешенінде облыс әкімінің кубогы үшін 1 сәуір күні бал билерінен «QYZYLORDA OPEN-2018» халықаралық турнирі өтеді. Қызылорда облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР ұлттық билері кеңесінің бастамасымен ұйымдастырылатын турнир Астана қаласының 20 жылдығы мен Қызылорданың 2 ғасырлық мерейтойына арналған. Ұйымдастырушы – облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, шара мемлекеттік жастар саясатаның 2020 жылға дейінгі тұжырымдамасын жүзеге асыру, өңірде бал билері өнерін дамыту, өскелең ұрпақтың шығармашылығын шыңдау және талантты қыз-жігіттерді қолдау мақсатында өтеді.
Турнирге ТМД елдері мен республиканың өзге облыстарынан барлығы 800-ге жуық адам қатысады. Мәселен, Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен, сондай-ақ Астана, Тараз, Шымкент, Қарағанды және т.б. қалалардан келген өнерпаздар бақ сынайды.Сайыскерлердің өнерін Ресей, Украина, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстанның білікті мамандарынан құралған қазылар алқасы, барлығы 24 төреші бағалайды.
    Турнирді тамашалау тегін.
    «QYZYLORDA OPEN-2018» турнирінің бағдарламасы
    10.00 – балалар тобы
    13.30 – балалар тобы
    16.00 - балалар тобы
    19.00 – жасөспірімдер тобы мен ересектер
    Марапаттау рәсімі
kyzylorda-news.kz
27 наурыз 2018 ж. 854 0