Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауданда жастарға мүмкіндік мол

Ауданда жастарға мүмкіндік мол

Арал ауданында cтатистикалық мәліметке сәйкес 14 пен 29 жас аралығында 18 314 азамат тіркелген. Жастар аудандағы халық санының 23,3 пайызын құрайды.

2019 жылдың наурыз айында «Жастық. Жігер. Мүмкіндік» атты аудандағы жастар жылының ашылу салтанаты өткізіліп, кешенді шараларға бастау берілген болатын. Сонымен қатар, «Қамбаш» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығында аймақ басшысы Қ. Ысқақовтың қатысуымен облыс әкімі жанындағы жастар кеңесінің көшпелі отырысы өтіп, облыс жастары аймақ басшысымен еркін форматта кездесіп, ой пікірлерін ортаға салды.

Атаулы жыл аясында барлық санаттағы аудан жастарының қамтылуымен 230 шара (мерекелік, спорттық, кеңес беру шаралары) өткізіліп, оған 13 мыңға жуық жас қамтылды.

2019 жылдың желтоқсан айында «Жастар жылын» қорытындылау мақсатында қорытынды форум өткізіліп, жыл бойы белсене жұмыс атқарған жастар марапатталды.
06 ақпан 2020 ж. 485 0