Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дерек пен дәйек

Дерек пен дәйек


Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ауданда 14 пен 29 жас аралығында 18 314 азамат тіркелген. Оның ішінде қала жастары – 6855 болса, ауыл жастары – 11 459-ді құрайды. Ал аудандағы халық санына шаққанда жастар 23,3 пайызды құрап отыр.
* * *
Аудан бойынша 5 жастар ұйымы тіркеліп, жұмыс атқарып келеді. Ірі кәсіпорындар мен мекемелерде 2, білім беру мекемелері жанында 36 жастар ұйымы (әскери патриоттық клубтар, жас мамандар мектебі) жұмыс істейді. Ал аудандық Жастар ресурстық орталығында 17 жасқа қызмет көрсетуде.                                      
* * *
Биыл «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша 34 маманға  бір жолғы көтерме жәрдемақы төленіп, 6 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие рәсімделді.
* * *
Жыл басынан бері ұйымдастырылған жәрмеңкеде 100 кәсіпорын мен мекемеден 280 бос жұмыс орны ұсынылды. Нәтижесінде 43 жас маманға  тұрақты жұмысқа жолдама берілді.
* * *
Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға ауданда 7 мәдениет үйі мен 23 ауылдық клуб, 39 кітапхана, 71 мәдениет және өнер мекемесі, Арал қаласы мен Сексеуіл кентіндегі кітапханалар жанынан ашылған коворкинг орталығы қызмет көрсетеді. Сондай-ақ  2 спорт мектебі,  231 спорт объектісі жұмыс істейді. 7 айда бұқаралық спортты дамыту мақсатында 95 спорттық іс-шара өткізілді.
* * *
Биылғы жылы түлектердің 98 пайызы жоғары және арнаулы орта оқумен қамтылған. 77 жас «Серпін» әлеуметтік жобасы аясында еліміздің батыс, солтүстік, шығыс аймақтарында білім алуда. Сондай-ақ 22 жас облыс әкімінің арнайы грантымен оқуын аяқтаса, қазіргі таңда 50 жас білім алуда.
* * *
Аудандағы «Жастар ресурстық орталығында» 12 бағыттан тұратын жоба жүзеге асырылуда. Олар – «Жас кеңесші», «Жастар – қоғам назарында», «Жас Отау», «Эрудит», «Жүрек жылуы», «Жас маман» жобалары.
* * *
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасына» аудан бойынша 2019 жылдың 7 айында бағдарламаның бірінші бағыты бойынша қысқа мерзімді оқуға 40 жасқа, ал үшінші бағыты бойынша 47 жасқа әлеуметтік жұмыс орындарына  жолдама берілді. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 41 жас оқуын аяқтады. Жас­тар тәжірибесіне 108 мекемемен және кәсіпорындармен жасалған шарттар негізінде 255 жасқа, сондай-ақ қоғам­дық жұмыстарға 91 жасқа жолдама берілді.
Толқын ақпарат
27 тамыз 2019 ж. 719 0