АРАЛДА 1950 м3 ҚАР СУЫ ТАЗАРТЫЛДЫ
tolqyn.kz Арал ауданы аумағында ағымдағы жылғы ақпан айының бірінші он күндігінде ауа райы күрт жылынды. Қыс мезгілінде толассыз жауған қардың шамадан көп болуына байланысты Арал қаласының кейбір ішкі көшелері бойында еріген қар суының жиналу жағдайлары қалыптасты. Бұл туралы Арал ауданы әкімінің баспасөз қызметі facebook парақшасында жазды.


Аталмыш жұмыстарға он беске (15) жуық арнайы техникалар тартылып, алпыстан (60) аса жауапты қызметкер (жұмысшылар) жұмылдырылуда.
Құрметті аудан тұрғындары мен қала қонақтары! Сіздерді табиғаттың тосын құбылысына түсіністікпен қарауға шақырамыз.