Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Жас Отан мүшелері саны 164 мыңнан асты

Жас Отан мүшелері саны 164 мыңнан асты

Еліміздегі «Жас Отан» жастар қанаты мүшелерінің саны бүгінде 164 мыңнан асты. Бұл жөнінде бүгін Астанада «Жас отан» жастар қанатының IV съезінде ұйымның бақылау-ревизия комиссиясының төрағасы Евгений Кочетов мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.





«Жас Отан» – жастар қанаты еліміздегі жастардың ең шынайы және әрекет етуші күші. Бүгінгі таңда Жас Отанда 164 мыңнан астам мүше бар. Жас Отанның қалаларда 37, аудандарда 171, өнеркәсіптік кәсіпорындар мен жоғары оқу орындарының базасында 230 астам бөлімшелері бар. Егер, жастар қанатының орталық кеңесі еліміздегі 1,5 миллионнан астам жастарды қамтып отыр. Ал бұл республикадағы бүкіл жас азаматтардың үштен бір бөлігін құрайды», - деген комиссия төрағасы бұл ертеңге сеніммен қарайтындай ауқымды көрсеткіш екенін атап өтті.
Сонымен қатар, Кочетов Жас Отан қолға алған бірқатар жобаның 2015-2018 жылдың бірінші тоқсаны аралығындағы нәтижелеріне тоқталып өтті.
«Ең алдымен «Сәтті қадам» жобасына тоқталып өтсем деймін. Есепті кезең аралағында аталған жобаға 400-ден астам жас маман қатысып, 72 адам жергілікті және орталық атқарушы органдарда, ұлттық, квазимемлекеттік сектордағы және жеке компанияларда тәжірибеден өтті. Айта кету керек, олардың басым бөлігі тәжірибеден қткен мекемелерде жұмысқа қабылданды. Яғни, бұл жоба армандаған жерде жұмысқа тұру мүмкін екенін көрсетті. Ал «Жастар Отанға» жобасы есепті кезең ішінде 300 мың адамды қамтып отыр және аталған жоба арқылы өткізілген іс-шаралар саны 9 мыңға жуықтады», - деп мәлімдеді ол.
Еске сала кетейік, бүгін Астанада «Жас Отан» жастар қанатының IV съезі өтуде. Съезд креативті жасотандықтардың бастамасымен «open face» форматында ұйымдастырылып отыр.

28 наурыз 2018 ж. 1 645 0