Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды
ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Жамбыл облысының жаңа әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды stan.kz.
Тиісті жарлыққа бүгін Қазақстан президенті қол қойды.
«Сапарбаев Бердібек Мәшбекұлы Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары қызметінен босатылып, Жамбыл облысының әкімі болып тағайындалсын» делінген құжат мәтінінде.
Сондай-ақ, мемлекет басшысының жарлығымен Мырзахметов Асқар Исабекұлы өтінішке сәйкес, Жамбыл облысының әкімі қызметінен босатылды.