Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

 Қазгидромет 15-17 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамын жариялады. Бұл туралы Kyzylorda-news.kz жазды.

Демалыс күндері Қазақстанның оңтүстік жартысында күн бұлтты, жауын-шашын, тұман, көктайғақ болады деп күтілуде.
Мұндай ауа райы Орталық Азиядан ығысатын циклонмен байланысты болады. Ал республиканың солтүстік жартысында қардың жаууы, бұрқасын, оңтүстік-батыс желі Ресейдің Еуропалық бөлігінен ығысатын атмосфералық фронттарды тудыратын болады. Ауа температурасының аздаған төмендеуі жексенбіде басталып, ақпан айының орташа көпжылдық мәніне жақын болады.
15 ақпан 2020 ж. 384 0