"Төмен баллмен түсе салатын": Ұстаздықты меңгергісі келетіндер үшін шекті балл өседі
5 мыңға жуық маман тапшылығы бар педагогика саласында грант иелену қиындай түседі. Себебі, білім және ғылым министрі биыл ұстаздықты меңгергісі келетіндер үшін шекті балл өсетінін мәлімдеді. Министр онсыз да мектепке жұмысқа барғысы келмейтін жастарды бұл мәлімдемесімен үркітіп алмай ма? Бұл туралы stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап баяндайды.
Қоғам белсендісі Азат Шәкеевтің айтуынша, қазақстандықтар білім саласында маман тапшы дегенді жиі естиді. Бұл саланың түбін қазсаң бірер мәселе қол ұстасып шыға келеді.
"Шет аймақтарда аталған проблема анық байқалады. Сондықтан, матетамик мұғалім, амалының жоқтығынан химик одан қалды физик болады. Білім сапасы деген тағы бар", - дейді ол.
Азат Шәкеевтің пікірінше, қазақтың психологиясында қалып қойған стреотип бар.
"Мектеп бітіруші түлектер ең алдымен жаңағы экономика мамандығын, заң мамандығын, жаңағы басқа бизнес жағын таңдайды да, оларға түсе алмай қалып төмен алып қалғандар ең соңында "ой ладно педагог бола салармын" деп педагогикаға келеді. Өйткені төмен баллмен түсе алатын", - дейді қоғам белсендісі.
Білім министрі бір сөзінде педагогикалық мамандықты таңдағандардың 70 пайызы ҰБТ-дан төмен балл алғандар деп еді.
"Республика бойынша 5000 мұғалім жетіспейді. Бұл күні аталған мамандықта 145 мың студент білім алып жатыр. Жылына оқу орындары 40 мың дайын маманды даярлап шығарады. Бірақ, мәселе әлі де шешілмей келеді. Неге? Біріншіден, түлектер мектепке жұмыс істеуге барғысы келмейді. Екіншіден, ынталары жоқ", - деп Азат Шәкеев маман тапшылығы мен оның себебі жайында да сөз қозғады.
Халықаралық деңгейдегі мектепте математика пәнінен сабақ беретін Ләззат Ғабит ұстаздардың шаруасы шаш етектен екенін айтады.
"Мен жай мектептерде, қаланың мектептерінде жұмыс істеп көрдім . Ол мектептерде қағазбастылық өте көп. Талап ететін қағаздар, сұрайтын ана бір отчет, мына бір отчет деп көп уақытың соған кетіп қалады. Оқушыларды олимпиадаларға дайындау керек емес сол қағаздармен көп уақыт кетіп қалатын жағдайлар көп кездеседі", - дейді математика пәнінің мұғалімі.
Педагогика саласы бойынша 200 мыңға жуық маман дайындап жатқан елордадағы ұлттық университеттің өкілі білім саласында бірқатар мәселелердің қордаланғанын көріп-біліп жүр.
Ләззат Ғабиттің пікірінше, мұғалім деген дипломды алған соң түлектер осы салада кемі 3 жыл тер төгу керек.
Л.Гумилев атындағы ЕҰУ академиялық мәселелер жөніндегі департамент директорының орынбасары Нұрбақыт Нұрмұхамедов "салаға тиісті тұрғыда жағдай жасамай, сапа талап ете алмаймыз", дейді.
"Бұл жерде бірқатар проблемалар бар. Біріншіден ұстаздық қызметті жалғастыруға ынта-жігерлері жоқ. Тағы бір мәселені мойындау керек, мұғалім мамандағына түлектер көбіне соңғы гранттың мүмкіндігі болғандықтан түсіп жатады. Яғни, бұл салаға тиісті тұрғыда жағдай жасамай, сапа талап ете алмаймыз. Ұстаз мәртебесі турал заң қабылданды ғой. Сол тың серпін береді деп үміттенеміз", - дейді ол.
Мұхтар Әуезов, Қаныш Сәтбаев, Жүсіпбек Аймауытов, Әлкей Марғұлан сынды айтулы тұлғалар білім алған Семейдегі педагогикалық колледжді басқарып отырған Шағангүл Жанаеваның пікірінше, ұстаздық мамандыққа тапсырғысы келетіндер үшін шекті баллды 70-ке көтеру орынды.
"Бұл мамандыққа таңдайтын жастардың көкірегі ояу. Саналы, ұлтжанды, елжанды, еліме бойымдағы білімімді беретін тұлға боламын деген сондай айқын жоспары бар, мақсаты бар адамдар болу керек деп есептеймін. Мұғалім мамандығын таңдайтын жастардың білімінің төмендеп кеткенін білеміз. Бұл қоғамымыз үшін, болашағымыз үшін қауіп төндіреді", - деді Шағангүл Жанаева.
Білікті мамандар мұғалімдердің санын арттырамыз деп жүріп, сапасын түсіріп алмасақ деп алаңдайды.