«Толқын» тыңдап тұр...

Қар тазалау ісіне ешкім енжар қарамауы тиіс. Сол себепті жауапты мекемелер, төтенше жағдай және учаскелік полиция қызметкерлері арнайы рейдке шығуы керек. Заң бойынша ауласының алдындағы қарды тұрғындардың өздері тазартуы тиіс. Тәртіпке бағынбағандарға шара қолданса ғана көше тазарады және жұртқа залалы тимейді. Көктемде белуардан су кешпес үшін қазірден бастап іске көшу керек. Мен еріген қар суынан қиындық көріп отырған қала тұрғындарына септігі болса екен деген оймен көргенімді айтып тұрмын, – деді.
«Сырт көз – сыншы» дегендей, Қарағандының азаматы осындай пікір білдірді. Бұл мәселенің жауабы қандай болмақ?..