Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арзан баға – Аралда

Арзан баға – Аралда

Енді өңірлердегі ет бағасын шолып өтсек. Ең арзан баға Орал мен Петропавлда. Қостанайда сиыр етінің келісі 1800 теңгеден басталады. Петропавлда – 1600-2200 теңге аралығында. Көкшетауда 1800 теңге болса, Ақтөбеде 2200 теңгеге дейін барады. Қызылордада – 1800 теңге, ал Түркістанда 1900 теңгеден басталады. Шымкентте – 2000 теңге. Ақтауда 1900 теңгеден басталады. Атырауда 1700-2200 теңге аралығында. Оралда 1600-2500 теңге шамасында. Семей мен Өскеменде – 1900-2200 теңге аралығында болса, Талдықорғанда – 1800-2000 теңге. Қарағандыда 2400 теңгеге дейін барады. Ал Аралда түйе еті – 1600, сиыр еті – 1700, жылқы еті – 1900 теңге.Аудандағы ет бағасына байланысты аудан­дық ауыл шаруашылығы бөлімінің статист маманы Бағдат Әлішева былай дейді:
– Өткен жылға қарағанда баға сәл көтеріл­генімен, облыс бойынша ең төмен баға – Аралда. Жем-шөп бағасының сырттан тасы­мал­данатындығы мен қымбаттауы да мал шаруашылығымен айналысатындарға айтар­лық­тай әсер етіп, бағаның көтерілуіне себебін тигізуде, – дейді.

Лаура ӘЙТІМОВА

29 ақпан 2020 ж. 1 180 0