Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Үкімет республикалық бюджеттің шығыстарын оңтайландырмақ. Мәселен, бюджет есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар қысқарадыНҰР-СҰЛТАН, 10 наурыз – Sputnik. Инфляцияға және теңгенің жаңа бағамына байланысты қазақстандықтардың зейнетақысы мен жәрдемақысы индексацияланады. Бұл туралы үкімет басшысының бірінші орынбасары, қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Инфляция дәлізінің қайта қарастырылуын ескере отырып, зейнетақы, жәрдемақы және атаулы әлеуметтік көмектерді индексациялау үшін шаралар қабылданады. Теңгенің бағамына байланысты бірқатар шығыс индексацияланады", - деді Смайылов үкімет отырысында.Сондай-ақ, республикалық бюджеттің шығыстары оңтайландырылады. Оңтайландыру бойынша бірқатар бағыт белгіленді.
Біріншіден, бюджет қаражатының есебінен қымбат жиһаздар мен автокөлік сатып алу, семинарлар, форумдар мен басқа да имидждік шаралар қысқарады.
Екіншіден, кейбір жобалар мен шаралар, шығыстар кейінге қалдырылады.
"Сонымен қатар, барлық әлеуметтік міндеттің толық орындалуы қамтамасыз етіледі. Бұл кепілдендірілген тегін медициналық көмек, шет елде Қазақстан азаматтарын емдеу, "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқыту және басқа да шығыстар", - деді вице-премьер.
Үшіншіден, квазимемлекеттік компаниялардың дивиденттік саясаты қайта қаралады.
Оның айтуынша, барлық іс-шараны жүзеге асыру үшін республикалық бюджетті сәуір айының ортасында нақтылау ұсынылады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттің шығыстарын оңтайландыру үшін осындай жұмыстарды жүргізуі қажет, деді Смайылов.
10 наурыз 2020 ж. 629 0