Қазақстанда 16 наурыздан бастап мектептер каникулға шығады
BAQ.KZ. Мектеп оқушылары 16 наурыздан 5 сәуірге дейін каникулда болады.
ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.Үкімет мүшесі бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында айтты.
Ал колледждер мен ЖОО студенттері 16 наурыздан бастап дистанциялық оқуға көшеді.Коронавирусқа байланысты құралған комиссия 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шаралар, конференциялар, көрме, семинарларға тыйым салу; Білім, денсаулық сақтау, қонақүйлер, әуежайлар санитарлық-дезинфекциялау режимі енгізілу; Каникул кезінде оқушылар басқа қалаларға шықпау керек деген шешім шығарылды. Сондай-ақ, 16 наурыздан бастап 5 сәуірге дейін мектеп оқушыларына каникул болады, - деді Тоғжанов.
Рахиля БЕКНАЗАРҚЫЗЫ
https://baq.kz/