Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық волонтерлер 12 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады

Қызылордалық волонтерлер 12 әлеуметтік жобаны жүзеге асырады

Қызылордалық волонтерлер мерзімінен ерте туылған мың жарым нәрестеге киім тоқып берді, деп хабарлайды «Хабар 24». Қалалық перзентxана және облыстық ана мен бала орталығы тарапынан «28 ілмек» еріктілер клубының өнімдеріне деген сұраныс жоғары. Қазіргі таңда салмағы 500 грамнан басталатын шақалақтарға тоқымашылар айына 70 бас киім мен жейдені тегін үлестіреді. Сонымен қатар «Қызылорда қайырымды жандар» тобы, «Атамекен» балалар ауылы, аналар мен қарттар үйі және оңалту орталықтарында тегін шаш қысқарту қызметін ұсынып келеді. Жалпы өңірде түрлі бағыттағы 12 әлеуметтік жоба жүзеге асырылатын болады. Соның бірі – зерделі, алғыр, дарынды жастарды қолдауға арналған «Озат» жобасы. Сабыржан Кеңшілік, «Qosyl» қалалық жастар ресурстық орталығының директоры: - Ол жобаның негізгі мақсаты – тұрмысы төмен отбасылардың балаларына арнайы тегін түрде қосымша үйірмелерге қатыстыру. Өйткені балаларға 1 күндік тамақ беру 1 күндік мәселесін шешеді. Ал оған білім-дағды берсек, баланың болашағына үлес қосылады. Әлеуметтік желіде көп сөз айтылып жатыр: волонтерлер жылы деп жарияланғаннан кейін жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай волонтерлер мен жобалар көбейіп кетті деген. Қызылордада бұрыннан волонтерлер бар және жаңа жобалар да бар екенін дәлелдедік.
https://24.kz/
13 наурыз 2020 ж. 643 0