Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ МҰЗ АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ ЖАҚЫНДАДЫ

СЫРДАРИЯ ӨЗЕНІНДЕГІ МҰЗ АРАЛ ТЕҢІЗІНЕ ЖАҚЫНДАДЫ

Бүгінгі таңда мұз толығымен Қазалы ауданы маңынан өтіп, Арал теңізіне жақындады.
  Облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысы Серік Сермағамбетовтың айтуынша, бүгінде дария жағалауы мен елді мекендерді су алу қаупі жоқ. Барлық жерде қорғаныс бөгеттері нығайтылды, тәулік бойына өзен арнасы бақылауда.
  "Біздің болжам бойынша, 31 наурыз күні кешке қарай мұз Арал теңізіне жетеді. Мұз кептелісі және кедергілер жоқ. Өткен жылдары қауіпті жерлердің бөгеттері бекітілген болатын. Ал, мұз қалыңдығы 30-40 см болған жерлерге мұз жару процесі жүрді. Бүгінгі таңда, жағдай тұрақты. Су тасу қаупі жоқ", - деді Серік Сермағамбетов.
  Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 29 наурызы күні Қазалы ауданында мұз салдарынан бөгетті су шайды. Нәтижесінде, "Шағала" тынығу лагері маңын су алды. Серік Сермағамбетовтың айтуынша, лагерь жанында су тарту жұмыстары жүргізілуде.
"Лагерьдің 2,9 га жерін су басты. Қазіргі кезде су тарту жұмыстары жүруде. Жалпы, лагерьдің жөндеу жұмыстарына қаржы бөлінген, алдағы уақытта онда күрделі жөндеу өткізіледі", - деді С.Сермағамбетов.
kyzylorda-news.kz
30 наурыз 2018 ж. 1 038 0