Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Наурыз мейрамында теңге аздап нығайды

Наурыз мейрамында теңге аздап нығайды

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының айырбастау пункттерінде АҚШ доллары орташа есеппен 452 теңгеге сатылып жатыр. 

Ұлттық банктің 21-26 наурыздағы ресми бағамы - 1 АҚШ доллары үшін 444,8 теңге.
Kurs.kz порталының мәліметтері бойынша, елордада доллар сататын аз ғана айырбастау орындарында оны 451-453 теңгеге сатып алуға болады. Еуро құны бір бірлік үшін 489-дан 500 теңгеге дейін өзгереді. Ресей рублі - бір рубль үшін 5,92-6 теңге.
Алматы айырбастау орындарында  бір доллар - 455-456 теңгеден, еуро - 490-493 теңгеден, рубль – 6-6,15 теңгеден сатылады.
Шымкентте доллар сатып алуға орташа бағам 455-456 теңге, еуро - 482-497 теңге, рубль - 5,95 - 6 теңге көлемінде тіркелді.
Айта кетейік, 21 наурыздан 25 наурызға дейін Нұр-Сұлтандағы айырбастау пункттері 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді. Осындай шешімді коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі астаналық жедел штаб қабылдады.
https://stan.kz/
21 наурыз 2020 ж. 490 0