Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА

Арал ауданының тіршілігін қамтамасыз ететін ұйымдар үшін рұқсат етілген қызмет түрлері:
1) жедел жәрдем;
2) мүгедектерге, төсек тартып жатырған науқастарға қызмет ету;
3) дәрі-дәрмек өнімдерін тасымалдау;
4) зертханалық қызметтерге талдамалар жасау;
5) учаскелік дәрігерлік бақылау;
6) газ тасымалдау (баллонмен тарату) және авариялық қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
7) электр энергиямен және авариялық қалпына келтірумен қамтамасыз ету;
8) ауыз сумен және авариялық қалпына келтірумен қамтамасыз ету;
9) жанар-жағармаймен қамтамасыз ету және тасымалдау;
10) автомобиль жолдарын күтіп ұстау;
11) кәріз жүйесі қызметімен қамтамасыз ету;
12) телекоммуникация желілерінде авариялық жағдайларды қалпына келтіру;
13) төтенше жағдайлар кезінде оқиға орны мен аудан орталығын байланыспен қамтамасыз ету;
14) пошта, құпия құжаттар мен инкассаторлық тасымалдауды қамтамасыз ету.
15) минералды тыңайтқыштар, жем-шөп, тұқымдық материалдар тасымал-дау;
16) ауылшаруашылық жануарларын тасымалдау;
17) азық-түлік және сүт, ет, балық өнімдерін тасымалдау;
18) су нысандары құрылыстарын жөндеуге қатысты қызмет көрсету, тасымалдау;
19) ветеринариялық қызмет көрсету;
20) қоқысты жинау және арнайы қоқыс төгетін орынға тасымалдау;
21) теміржол бойын байланыс қызметімен қамтамасыз ету;
22) теміржол жөндеу және қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
23) теміржол бойынан аса маңызды құрамамен өтетін жүктерді және теміржол нысандарын күзетпен қамтамасыз ету;
24) локомотив жөндеу жұмыстарын жүргізу;
25) вагон, вагон доңғалақтары мен қосалқы бөлшектерін жөндеу;
26) теміржол бойын және нысандарын электрмен жабдықтауды қамтамасыз ету;
27) май құю бекеттерінің қызметі ;
28) дәріханалар қызметі;
29) банктердің, Қазпошта, телекоммуникация мекемелерінде төлем қабылдау орындарының және банкомат қызметі (санитариялық талаптарды қатаң сақтай отырып) жұмыстарын жүргізу.
13 сәуір 2020 ж. 881 0