Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус: Қызылордада тағы 2 науқас жазылып шықты

Коронавирус: Қызылордада тағы 2 науқас жазылып шықты

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы қызметкерлері COVID-19 вирусымен тіркелген тағы да 2 науқасты емдеп шығарды.
Бұл 2 науқас та – қауіптілігі жағынан 1 (Б) елдерінен келген азаматтар.
Оларды тексеру барысында, коронавирус анықталып, емдік хаттамаларға сәйкес ем жүргізілген.
Бүгін, 2020 жылдың 15 наурызында 2 науқастан екі рет қайталама зертханалық талдамалары алынып, теріс мәнді және жалпы жағдайының қанағаттанарлық болуына байланысты, үй жағдайына шығарылды.
Олар алдағы кезеңде 14 күн аймақтық емхананың бақылауында болады.
Айта кетейік, қазіргі таңда Қызылорда облысында COVID-19 вирусымен тіркелгендер саны – 126, жазылып шыққандар саны – 4.
15 сәуір 2020 ж. 606 0