Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтарға бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі

Қазақстандықтарға бүгіннен бастап далада спортпен шұғылдануға рұқсат етіледі

ҚазАқпарат – 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
4 мамырдан бастап барлық өңірлерде жұмысқа кірісетін кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет түрлерінің тізімі бекітілді: аумағы 500 ш. м. дейін болатын азық-түліктік емес дүкендер сағат 17:00-ге дейін (барлық түрлері); фотосалондар, гүл сататын дүңгіршектер; шаштараздар (жазылу бойынша); медицина орталықтары (жазылу бойынша); стоматологиялық клиникалар (жазылу бойынша); жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын компаниялар, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар; шағын қаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері; ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары. Сондай-ақ, 4 мамырдан бастап далада спортпен шұғылданып, жаттығу жасауға рұқсат етіледі.
Сонымен қатар, бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Қызылордаға, Петропавлға, Өскеменге және Семейге әуе қатынастарын қайта жанданады. 4 мамырдан өңірлерде қатынайтын ұшақтардың ұшу кестесі мына жерде жарияланған. Еске сала кетейік, бұл шешімдер ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның кезекті отырысында қабылданған болатын.
02 мамыр 2020 ж. 593 0