Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Шаштараздар жұмыс істей бастайды: Қазақстанда кімдерге 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі

Шаштараздар жұмыс істей бастайды: Қазақстанда кімдерге 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастауға рұқсат етіледі

4 мамырдан бастап барлық аймақтарда жұмысын қайта бастайтын кәсіпкерлік субъектілерінің қызмет тізбесін Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия бекітті, деп хабарлайды stan.kz ақпарат агенттігі.

4 мамырдан аймақтарда мына орындар жұмысын қайта бастайды:
  • ауданы 500 ш.м.-ге дейін жететін азық-түлік емес дүкендер 17:00-ге дейін жұмыс істейді;
  • фотосурет дүкендері, гүл сататын дүкендер;
  • шаштараздар (алдын-ала жазылу бойынша);
  • медициналық орталықтар (алдын-ала жазылу бойынша);
  • стоматологиялық клиникалар (алдын-ала жазылу бойынша);
  • жылжымайтын мүлік компаниялары, жарнама агенттіктері, адвокаттар, нотариустар;
  • микроқаржы ұйымдары, сақтандыру компаниялары, ломбардтар, айырбастау пункттері;
  • ақпараттық-коммуникациялық технологиялар компаниялары.
Сонымен қатар, облыстардың әкімдіктеріне тиісті шаралар қабылдауды және 4 мамырдан бастап жұмысын қайта бастайтын нысандардағы санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қатаң бақылауды қамтамасыз етуді тапсырды.
30 сәуір 2020 ж. 711 0