Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс ардагерлерінің бәріне Президент атынан сый тапсырылады

Соғыс ардагерлерінің бәріне Президент атынан сый тапсырылады

  kyzylorda-news.kz Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерін 9 мамыр күні Жеңіс мерекесімен қалай құттықтау жоспарланып отыр? Бұл сұраққа ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ерлан Әукенов жауап берді.
«Жергілікті атқарушы органдар карантин шараларын барынша қатаң сақтап, жұмыс жүргізеді. 9 мамыр мерекесінің маңызы зор. Осыған байланысты Мемлекет басшысының атынан соғыс ардагерлерінің бәріне мерекелік медальдар мен құттықтау сыйы тапсырылады. Сонымен қатар ардагерлерге азық-түлік кәрзеңкесі де сыйға беріледі», – деді Ерлан Әукенов тілшілердің сұрағына берген жауабында.
06 мамыр 2020 ж. 457 0