Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде тұңғыш рет шығу тегі белгісіз коронавирус табылды

Елімізде тұңғыш рет шығу тегі белгісіз коронавирус табылды

Kyzylorda-news.kz. Батыс Қазақстан облысында шығу тегі белгісіз коронавирус жұқтыру оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды «Астана» арнасы.
Сырым ауданында 30 жастағы ер адамға қауіпті инфекция диагнозы қойылған. Бірақ дәрігерлер оның жұқтыру көзін таба алмай отыр.
Науқас сөзінше, ол коронавирус жұқтырғандармен байланыс орнатпаған және ауылдан шықпаған. Ер адам аудандық ауруханада жұмыс істейді. Науқас ауруханаға жатқызылды.
«Бұл облыс ішінде инфекция көзін таппаған алғашқы жағдай. Бізде 339 коронавирус инфекциясы тіркелген, олардың 70%-ы – Ресейден және Атырау облысынан әкелінген, ауысым жұмысшылары. Ал қалғандары – байланыс тұлғалары», - деді өңірдің тауарлар мен қызметтердің қауіпсіздігін бақылау бөлімі бастығының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев.
Хабарланғандай, ауру адаммен 60-қа жуық адам байланыста болған, олардың барлығы оқшауланған.
21 мамыр 2020 ж. 568 0