Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Маман аллергиясы бар адамдарға кеңес берді

Маман аллергиясы бар адамдарға кеңес берді

Kyzylorda-news.kz. Дүниежүзілік аллергологиялық ұйымы (WAO) жыл сайын дәстүрлі түрде 8 шілдеде атап өтілетін Дүниежүзілік аллергия күні аясында түрлі өзекті тақырыптарды ұсынады.
2020 жылы осы күн «Аллергиямен ауыратындарға қамқорлық жасау COVID-19 кезінде де тоқтатылмайды» ұранымен өткізіледі. Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергологиялық орталығы бүкіл әлемге ауыр болып отырған осы кезде шетелдік әріптестерінің бастамасын қолдайды.

Елімізде шілде айында коронавирус инфекциясы қайталанып жатыр. Ал бұл біздің азаматтар үшін көбіне аллергиялық аурулардың басты себебі болып табылатын арам шөптердің гүлдене бастау мерзімімен сәйкес келіп отыр.

Аллергиялық ринит, бронх демікпесі, есекжем – жаз мезгіліндегі тозаңдық аллергияның әдеттегі клиникалық көрінісі. Аллергия симптомдарының көбі ЖРВИ немесе пневмонияға ұқсас. Аллергиямен ауыратындарға дәрілік заттарды қабылдау кезінде қосымша қауіптер бар, ал демікпемен ауыратындар КВИ кезінде асқынудың қауіп тобына жатады. Осы және басқа тақырыптар бойынша Республикалық аллергология орталығының аллерголог дәрігерлері пациенттерге қашықтықтан немесе консультация беру кезінде жеке түсінік бере алады.

Орталықтың басшысы, м.ғ.д., профессор Таир Нұрпейісовтың айтуынша, Республикалық аллергологиялық орталық 2020 жылы болып жатқан барлық қиындықтарға қарамастан, еліміздің барлық өңірлерінің халқына консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету бойынша өз жұмысын тоқтатпаған.

"Біз пациенттердің қауіпсіздігі үшін барлық қажетті технологияларды меңгердік және оны тәжірибемізге енгіздік. Ересектерге де, балаларға да консультацияны міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде тегін алуға болады", – деді Таир Темірланұлы.

Маман аллергиясы бар адамдарға бірқатар кеңесте берді:
- Антибиотиктер әлі күнге дейін аллергиялық реакцияларды тудырушы ретінде басқа дәрілердің арасында бірінші кезекте тұр. Профилактикалық мақсатта антибиотиктерді қабылдамаңыздар. Дәріге деген аллергиялық реакция сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төндіреді.

- Аллергиялық ауруларды емдеу КВИ болу қаупінен тоқтатылмауы тиіс. Аллерголог дәрігердің тағайындамаларын орындаңыз, негізгі препараттарды қабылдаңыз!

- Аллергиялық аурулардың қатты асқынуын күтпей-ақ, аллергологтан алдын ала консультация алыңыз.

- Егер сіз аллергияға шалдығып, басқа препараттарды шұғыл қабылдауға мұқтаж болсаңыз, бұл ретте олардың қауіпсіздігіне сенімді болмасаңыз – оларды қабылдауды заманауи антигистаминді заттар (мысалы, левоцетиризин) көрінісінде бастаңыз. Олар шоктың даму қаупі мен басқа аллергиялық асқынулардың қаупін азайтады.

- Егер сіз аллергияға шалдықсаңыз – биологиялық белсенді қоспалар, поливитаминдер және өсімдіктен жасалған препараттардан бас тартыңыз – олардың пайдасы бар да шығар, алайда қаупінің болатындығы мейлінше нақты.

- «Табиғатта», ауылшаруашылық жұмыстарында, өсімдік, жәндіктермен тығыз байланыста болуды шектеңіз.

- Өзіңізді хлордан және қоғамдық орындарда себілетін басқа антисептиктерден қашықтықта ұстаңыз, олар денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін, үйде химияны пайдалануды шектеңіз.

- Диета ұстаңыз.

- Дүрбелеңге жол бермеңіз, аллергияны тоқтатуға арналған заттар қолжетімді және олар сатылымда бар!

- Ғаламтордағы «сарапшылардың» «пайдалы» кеңесін тыңдамаңыз. Мамандармен кеңесіңіз.

08 шілде 2020 ж. 673 0