Балалар арасында аллергия өршіп тұр

Мамандардың айтуынша, қазір балалар ауруханасына күніге кемі 5 адам қабылдауға келеді. "Бізде бір жағдай болды. 8 жастағы балаға аллергия конъюнктивит түрінде белгі берген. Ата-анасы баланың жағдайына көңіл бөлмеген, дәрігерге де қаратпаған. Бала 10 жасқа келгенде демікпелі астмаға шалдықты. Қыз баланы біз бір жыл емдедік. Үздіксіз базалық тексерулер жасалынды", - дейді дәрігер. Мамандар ата-аналарға дәрігерге дер кезінде қаралу керектігін ескертеді.