Мемлекет басшысы бірқатар медицина қызметкерін марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:
Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері! атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исаев Олег Николаевич (марқұм) | – | Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі |
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм) | – | «Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы. |
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде
№ 370