Облыс әкімі пандемия құрбандарын еске алу рәсіміне қатысты

Қызылорда облысында 1 минуттық үнсіздікпен еске алу рәсімі 4 жерде ұйымдастырылды. Атап айтсақ, облыс әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңынан облыс әкімі, әкімнің орынбасарлары, аппаратының басшысы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы, Рәміздер алаңынан полиция қызметкерлері, облыстық медициналық орталығының алаңынан дәрігерлер және Қорқыт ата атындағы университетінің бас корпусының алаңынан ректордың орынбасарлары, ардагер ұстаздар, кәсіподақ және жастар ұйымының төрағалары қатысты.
Мемлекеттік органның, Қорқыт-ата атындағы университеттің өкілдері, полиция қызметкерлері мен дәрігерлер қаза болған адамдарды құрметтеу мен еске алу белгісі ретінде киімдеріне қаралы таспа тақты.
Белгілі болғандай, «Мемлекеттік рәміздер туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес аза тұту күні бүкіл ел бойынша мемлекеттік органдардың, сондай-ақ, дипломатиялық өкілдіктердің ғимараттарында мемлекеттік тулар түсірілуі тиіс, «Жарнама туралы» Заңға сәйкес барлық теле- және радиоарналардың хабар тарату торынан жарнамалық контентті алып тастау қажет және т.б.