Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр еріктілері бір орталыққа бірігеді

Сыр еріктілері бір орталыққа бірігеді

Қызылордада «Syr Volonterlary» орталығы ашылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.
«Орталықтың мақсаты – барлық еріктілерді бір орталыққа біріктіріп, сапалы қызмет көрсету. Аталған орталық Темірбек Жүргенов атындағы шығармашылық үйі ғимаратында орналасқан. Волонтер болғысы келетін барша ынталы азаматтар «Syr Volonterlary» орталығының 401-110 байланыс телефонына хабарласуға болады. Пандемия кезінде волонтерлар ауқымды жұмыстар атқаруда. Әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен қарттарға материалдық қолдау, автоволонтерлардың көмегімен медициналық дәрі-дәрмектер жеткізіліп, жыл басынан бері түрлі форматтағы 1 184 шаралар ұйымдастырылды», – деді Серік Әбжәліұлы.
kyzylorda-news.kz​​​
22 шілде 2020 ж. 427 0