Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

Қызылордалық соғыс ардагерлеріне 1 миллион теңгеден беріледі

BAQ.KZ. Қызылордада соғыс ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай 1 миллион 111 теңгеден әлеуметтік төлем беріледі. Бұл туралы облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде аймақ басшысының орынбасары Серік Ахмет мәлімдеді.

Бүгінде облыста 16 соғыс ардагері, 49 соғыс ардагерінің жесірлері және 4269 тыл ардагері бар.
Жалпы өңірдегі 4 335 соғыс ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтарға біржолғы материалдық көмек көрсетуге облыстық және аудандық бюджеттен барлығы 454,8 млн теңге бөлінген. Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн 111 мың теңге әлеуметтік төлем жасалады. Қазіргі таңда 16 ардагерге 611 мың теңгеден төленді, қалған 500 мың мамыр айында жеткізіледі, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Әбжәліұлы.
30 сәуір 2020 ж. 878 0