Қызылорда: Егінге су жеткізу мәселесі басты назарда

«Нарын – Сырдария каскадының су қоймаларында өткен жылмен салыстырғанда судың көлемі 4,4 млрд.текше метрге аз болса, Шардарадағы жиналған су 1,9 млрд текше метрді құрап, өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 1,1 млрд текше метрге аз. Сырдария өзені арқылы төменге секундына 550 текше метр су тасталып, өткен жылдан 150 текше метрге аз болып отыр»-, деді Сейілбек Серғазыұлы.
Үстіміздегі жылдың 24 шілдесінен бастап Сырдария өзенінің төменгі ағысына секундына 550 текше метр су жіберілуде. Қазіргі таңда «Арал Сырдария» Бассейндік инспекциясы су ресурстары комитетімен бірлесіп «Шардара» су қоймасына 10-ы тамызға дейін секундына 550 текше метр су көлемін ұстап тұру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Аймақта ұзындығы 96,4 шақырым болатын 12 каналды тазалау жұмыстары жүруде. Оның 8-і облыстық бюджеттен, 4-еуі «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жүзеге асуда.
Сондай-ақ, 20,9 км болатын 4 каналдың тазалау жұмыстары аяқталды. Бұл өз кезегінде, 1000 гектар егістік жерге су жеткізіліп, елді мекендегі 1079 тұрғын үй аяқ сумен қамтамасыз етіліп, егіс егуге мүмкіндік болды.