Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада биыл егіс алқабына 4 млрд текше метр су құйылады

Қызылордада биыл егіс алқабына 4 млрд текше метр су құйылады

Kyzylorda-news.kz. Сырдариядан егістікке 1,5 млрд текше метр су құйылды. Сондай-ақ, әліде 2,7 млрд сумен қамтамасыз ету жоспарлануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаыңында өткен брифингте «ҚазСуШар» РМК Қызылорда филиалы директорының орынбасары Жорабек Ерназаров баяндады.«Биыл егін алқабына 4 млрд текше метр ағын су қажет. Диқандар егістікке келетін судың әр тамшысын үнемдеуде. Яғни, Сырдария трансшекаралық өзен болғандықтан оны Өзбекстанмен бөлісудеміз. Осыған байланысты, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан елдерінің өкілдерімен маусым-тамыз айларында Шардара су қоймасынан 2,3 млрд көлемде су жіберуге келіссөз жүргізілуде», - деді Жорабек Шашыбекұлы.
Қазіргі таңда Сырдария өзенінің төменгі ағысына Шардара су қоймасынан секундына 250 текше метр, Көксарай су реттегішінен 300 , барлығы 550 текше метр су құйылуда.
16 маусым 2020 ж. 597 0