ҚР еңбек сіңірген қайраткері Аралдықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

Қадірлі Абай бауырым!
аяулы жерлес бауырларымҚұрбан айт мерекесі құтты болсын! Алладан тілеген тілектеріңіз қабыл болып, отбасыңызға мол дәулет, бақ-береке, ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін! Жаратқан иеміздің сүйген құлдарынан болыңыз! Екі дүниенің жұмағын нәсіп еткей! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!
Қадірлі Арал ауданының әкімі, ел ағасы Мұхтар Әнесұлы Оразбаев және аяулы халқым! Сіздерді құрбан айт мерекемімен құттықтаймын! Қазіргі кезде еліміздің қиын кезеңде тұрғанын білемін. Алла отбастарыңызға аманшылық, ел-жұртымызға тыныштық берсін! Сұлу да мәнді, мағыналы ұзақ ғұмыр нәсіп еткей Жаратқан иеміз. Аз сынаққа төтеп беріп, сабырмен бірлесіп алып шығайық. Кеткен қимастарымыздың арты қайырлы болсын. Баршаңызға қайғыра көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқағай.
Құрметпен ҚР еңбек сіңірген қайраткері, өздеріңнің аялаған қыздарыңыз Елмұра Манасқызы Жаңаберген