Үкімет басшысы карантинді жеңілдетуді тапсырды

Үкімет басшысының айтуынша, бүгінде індеттен жазылып шыққандардың саны 73,6 процентті құрап отыр. Ауруханалардың жүктемесі 61 процентке, ал жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 62 процентке төмендеді.
«Осы нәтижелер қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсетеді. Қалыптасып отырған эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, денсаулық сақтау министрлігіне карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарын мемлекеттік комиссияның қарауына бейсенбі күні енгізуді тапсырамын», – деді Мамин үкіметтің онлайн отырысында.