Жүйкеңіз жұқармасын десеңіз...

Құрамында В1 дәрумені бар азық-түліктер: қарақұмық немесе сұлы ботқасы, қара нан.
Шамадан тыс көп кітап оқығанда миымыз шаршайтындықтан В2 дәрумені қажет: сарыөрік, жұмыртқа, сыра ашытқысы, саумалдық.
Ағзаға бұл тағамдар жетіспесе, көңіл күй түсіп, бас ауырады.
Бір ғана күннің ішінде түрлі оқиғаға тап боламыз. Ол оқиғалар бізді бірде мұңайтса, бірде шаттық сыйлайды. Ал ағзамыз өз кезегінде жылдам өзгеріске бейімделе алмайды. Осындайда жағымсыз жағдайлардың алдын алу үшін В12 дәруменінің ағзада көп болуын қамтамасыз еткен жөн. Олар теңіз тағамдары, жүрек, бүйрек, бауыр еті, жұмыртқаның ақуызында болады. Осы тағамдарды жеу арқылы өзіңізді алцгеймер ауруынан сақтандыра аласыз.