Үйде Wi-Fi зиянын қалай азайтуға болады

Маман Wi-F толқындарына қатысты пікірін білдірді. Айтуынша, осы уақытқа дейін ол туралы көптеген зерттеу жүргізілді. Бірақ әлі күнге дейін халықаралық немесе белгілі бір ұйым оның адам денсаулығына зиян келтіретінін растамаған.
"Тағы бір жайт, интернет тарататын роутерден электрмагнит сәулелері бөлінеді. Бірақ сәулелер біз қолданатын кез келген электр құрылғылардан бөлінеді. Біз электр шайнектен шығатын толқындардан қорықпаймыз ғой", - деді сарапшы.