Оқушылар «Әліппені» қай кезден бастап оқиды?
2021 жылдың жаңа оқу жылында 1-сынып оқушысы сауатын «Әліппемен» ашатын болады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты, деп хабарлайды inform.kz
«Өздеріңіз білетіндей, биыл 1 қыркүйектен бастап 11-сыныптар жаңа бағдарламамен оқуға көшетін болады. Мұнан бөлек, мемлекеттік стандартқа өзгеріс енгізілді. Ол өзгерістің аясында мектеп бағдарламасына сәйкес, 1-сыныптарға 1-2 тоқсан «Әліппе», 3-4 тоқсан «Ана тілі» енгізілді. Бүгінгі күні біз осы бағыт бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз. Қазір оқулықтарды, бағдарламаны дайындау үстіндеміз. Келесі жылы осы оқулықтар, бағдарламалар біздің барлық 7 мың мектепте қолданылатын болады», – деді министр педагогтар мен білім және ғылым саласы қызметкерлерінің республикалық тамыз кеңесі барысында.