Қызылордада облыс мәслихатының кезекті сессиясы өтті
Кеше аймақ басшысының төрағалығымен облыстық мәслихаттың кезекті 47 сессиясы өтті. Күн тәртібінде 2020 жылдың бюджетінің нақтылануы, аймақтағы индустриялық-инновациялық даму бағытында атқарылған жұмыстар және индустрияландыру бағдарламасының үшінші бесжылдығы аясындағы міндеттер, 2019 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі, облыс әкімдігінің жанындағы жеке кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінің дербес құрамын бекіту, облыстық мәслихаттың бірқатар шешімдеріне өзгерістер енгізу секілді, жалпы 18 мәселе қаралды.
Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған бағдарламасы есебінен үнемделген қаражатты жұқпалы аурулар ауруханасын салу үшін, дайын модульдік құрылымды сатып алуға қайта бағыттауды тапсырды.
Қызылорда қаласынан 200 төсектік аурухана құрылысы жобасының құны 6,2 млрд теңге құрайды. Бүгінгі күні жобаға облыстық бюджеттен 2,0 млрд.теңге бағытталуда. Қалған қаржы осы жылы республикалық бюджеттен бөлінеді деп күтілуде.
Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 5 жобаның мемлекеттік міндеттемелерін орындауға 38,5 млн.теңге бағытталуда.
Аймақ басшысы бірқатар салалардағы көрсеткіштерге тоқталып өтті.
Қазақстан Республикасы Үкіметі аталған бағдарламасы есебінен үнемделген қаражатты жұқпалы аурулар ауруханасын салу үшін, дайын модульдік құрылымды сатып алуға қайта бағыттауды тапсырды.
Қызылорда қаласынан 200 төсектік аурухана құрылысы жобасының құны 6,2 млрд теңге құрайды. Бүгінгі күні жобаға облыстық бюджеттен 2,0 млрд.теңге бағытталуда. Қалған қаржы осы жылы республикалық бюджеттен бөлінеді деп күтілуде.
Ал, мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша 5 жобаның мемлекеттік міндеттемелерін орындауға 38,5 млн.теңге бағытталуда.
Аймақ басшысы бірқатар салалардағы көрсеткіштерге тоқталып өтті.
«Инвестицияның жаңа толқынын тарту жұмыстары аясында ағымдағы жылы өңірге 230 млрд. теңге көлемінде инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. Ал, өнеркәсіптің өңдеуші секторында, ауыл шаруашылығында және тұрғын үй құрылысы салаларында оң тенденциямен келе жатырмыз. Тұтыну бағаларының индексі өткен жылғы желтоқсанға қарағанда 104,1% деңгейінде қалыптасты, оның ішінде азық-түлік тауарларының баға индексі -107,2%-ні құрады. Бұл жақсы көрсеткіш. Бағаны тұрақтандыру біздің күнделікті бақылауымызда», – деді облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова.
Бүгінгі күні ауыл шаруашылығында 32 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 102,1%-ға артып отыр. Биыл облыс бойынша 184,2 мың га жерге ауылшаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде негізгі дақыл күрiштің көлемі 89,5 мың га.
«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында жеке кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған қаржы көлемі өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.
Облыстың 2023 жылға дейінгі экономикалық даму жоспары бекітілді. Құжатқа кәсіпкерлік саласында іске қосылатын 265 жоба енгізілді. Бүгінде құны 24 млрд. теңге құрайтын 95 жоба жүзеге асуда.
Ауылдық елді мекен кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие беруді жалғастыру мақсатында «Қызылорда өңірлік инвестициялық орталығының» қызметі 5 жылға ұзартылды.
Айта кету қажет, карантин уақытында 51 мыңнан аса кәсіпкер салықтық жеңілдіктер алып. 8 мың кәсіпкердің несие төлемдері кейінге шегерілді. 9 мыңға жуық кәсіпкер міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру төлемдерінен босатылды.
Карантин кезеңінде1,6 млрд.теңге қаржыға 55 мыңнан астам тұрғындардың коммуналдық шығындары өтелді.
Қызылорда қаласының 14 шақырым жылу жүйелерін жаңғырту, күрделі жөндеу жұмыстарына 4 млрд.теңгеден астам қаржы бөлініп, жұмыстар 70 пайызға орындалды.
Сонымен қатар, облыс әкімі мемлекеттік бағдарламалардың өңірде жүзеге асырылу барысына тоқталды.
««Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары аясында аймағымызда қарқынды құрылыс жүргізілуде. Биылғы жылы облыста «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1406 пәтерді құрайтын 87 тұрғын үйдің құрылысы басталды. Жыл соңына дейін 698 отбасы сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Ал,«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 18 267 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына, оның ішінде тұрақты жұмыс орындарына – 4728 адам, кәсіпкерлікке 1868 адам тартылды. Жыл басынан 8 167 жаңа жұмыс орындары ашылды», – деді Гүлшара Әбдіқалықова.Биыл «Жұмыспен қамтудың Жол картасы» бағдарламасы аясында құны 36,9 млрд.теңгені құрайтын 276 жоба жүзеге асуда. Нәтижесінде 9 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
Мұнымен қоса, облыс бойынша жаңа оқу жылына 740 орындық 2 мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. 1800 орынға арналған 4 мектептің құрылысы жүргізілуде. 2 мектептің құрылысы жыл соңында аяқталса, қалған 2 мектеп келесі жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Қызылорда қаласынан жеке инвестор қаржысымен 800 орындық 2 жеке мектеп құрылысы салынуда.